20:33, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Қазақстанның қыздар құрамасы Универсиада «алтынынан» айырылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қыздар командасы Қытайдың Тайбэйінде өткен жазғы универсиаданың 4×100 метрлік эстафетасында алтын медаль иеленгенімен, артынша айырылып қалды, деп хабарлайды Sports.kz .

Құрамына Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова және Ольга Сафронова енген Қазақстан құрамасы мәреге бірінші болып келді, алайда, жүгіру нәтижесінде оларды айып санкциясы, яғни 163.3 (а) тармағы бойынша жарыстың уақыт ережесін бұзғаны үшін жарыстан шығару күтіп тұрды.
Осылайша, «алтын» - Швейцарияға, «күміс» - Польшаға тиесілі болды. Ал, Жапониядан келген спортшылар қола жүлде иеленді.
Айта кетейік, бұл жүгіруде АҚШ құрамасы да (170.7 пунктінде қарастырылған эстафета таяқшасын беру сызығынан өтіп кету бойынша) жарыстан шығарылды.