Қазақстанның математиктер командасы әлемнің 98 мемлекетінің ішінен 5-ші орынға ие болды - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа жіберілген жеделхат

АСТАНА-БУРАБАЙ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қытай, 2-ші орынды Ресей, 3-ші орынды АҚШ, 4-ші орынды Оңтүстік Корея, 5-ші орынды Қазақстан командалары алды.
None
None

51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың қазақстандық жүлдегерлері:

Алтын медальға ие болғандар:

Қанат Сатылханов, математика пәнінің мұғалімі - Нұрқиса Доскендірова, жаттықтырушысы - Сергей Полянских, Талдықорған қаласы, №20 мектеп-лицей;

Нұрсұлтан Қажымұратов, , математика пәнінің мұғалімі - Валентина Корягина, жаттықтырушысы - Сергей Полянских, Талдықорған қаласы, №20 мектеп-лицей;

Денис Овчинников, математика пәнінің мұғалімі - Олег Пак , жаттықтырушысы - Олег Пак , Алматы қаласы, №134 мектеп-лицей.

Күміс медальға ие болғандар:

Рауан Рахмет, мұғалімі - Муаммер Гюль, жаттықтырушысы - Муаммер Гюль, Астана қаласы, қазақ-түрік лицей;

Медет Жанболатов, мұғалімі - Жанат Байсүйелова, жаттықтырушысы - Дәурен Есмұханов, Алматы қаласы, РАФМОМИ.

Грамотаны алған: Азамат Дүйсенбаев, мұғалімі Ғалия Соғамбаева, жаттықтырушысы - Ғалия Соғамбаева, Алматы қаласы, РАФМОМИ.

Қазақстан құрамасының ғылыми жетекшісі - Ержан Рахметуллаұлы Байсалов.

Өткен жылдардағы олимпиадаларда медальға ие болған қазақстандық қатысушылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына келесі мазмұндағы жеделхат жолдады:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Келесі жылы Тәуелсіздігімізге 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде біздің Отанымызды бүкіл әлем таныды. Сіздің «XXI ғасыр - білім мен ғылым ғасыры» деген ойыңыз жастардың білім алуы үшін жағдай жасады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дамыған елдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алған мыңдаған жастар біздің елдің дамуына өз үлестерін қосуда.

Әлемнің дамыған елдерінде өткен халықаралық олимпиадаларға қатыса отырып біз «Қазақстан осындай деңгейге қашан жетеді екен деп?» ойлайтынбыз. Сіздің басшылығыңызбен мақсатты дамып келе жатқан біздің еліміз прогресс жолына шықты. Біздің елде жақсы өмір сүру мен мәдениет қатар дамып келеді. Нәтижесінде біздің де жас астанамызда 51-ші Халықаралық математика олимпиадасы өтіп жатыр. Біз олимпиадаҚазақстанда Сіздің жүргізіп отырған салиқалы саятыңыздың арқасында жүзеге асып отырғанын түсінеміз.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Олимпиаданың Астана күнін тойлаумен қатар өтіп жатқадығы бізді қатты ынталандырды.

Біз сіздің саясатыңызды қолдаймыз. Жастардың осындай халықаралық олимпиадаларға қатысуы үшін барлық жағдай жасағаныңызды ешқашан ұмытпаймыз.

Біз бұдан былай да еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, өз халқымызға адал еңбек етуге, аға ұрпақтың сенімін ақтауға тырысамыз.

Ең ізгі тілек білдірушілер өткен жылдардағы Халықаралық матемиатикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

алтын медальға ие болғандар: Алданғаров Әлібек (2001), Бектеміров Бауыржан (2001), Жұмекешев Аман (2001), Ганичев Игорь (2001), Есенов Қуат (2003, 2004), Ким Андрей (2004), Клочков Егор (2008).

Күміс медальға ие болғандар: Үментаев Сергей (2001), Үргіншбаев Бауыржан (2003), Келбетов Данияр (2005), Дүйсенбаев Нұрбол (2006), Стасий Игорь (2007), Қажымұратов Нұрсұлтан (2008), Түсіпбеков Еркін (2008), Сатылғанов Қанат (2009).

Қола медальға ие болғандар: Бекболатов Ринат (1999), Докторович Алексей (1999), Темірбеков Рустам (1999), Есенбаев Жандос (1999), Шахматов Михаил (1999), Қадыров Шырәлі (1999), Мұқашев Ұлан (2000), Қауымбаев Ануар (2000), Таханов Рүстем (2000), Мырзаболатов Мейрам (2002), Әужәни Даурен (2003), Елеусізов Дамир (2004), Сосин Виктор (2005), Жұбаев Қайрат (2005), Нағидуллин Мерлан (2006), Жанғұзин Дәулет (2006), Мұсағалиев Әсет (2006), Баев Ален (2007), Қасенов Ескендір (2008), Далиев Әсет (2008), Оразбаев Санжар (2009), Молдағалиев Біржан (2009), Сайлауов Төлеби (2009)».

Соңғы жаңалықтар