Қазақстанның мүгедек спортшылары Лондон Паралимпиадалық ойындарына дайындалуда

ПЕТРОПАВЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары Хорватияда жеңіл атлетика бойынша мүгедектер арасында өткен ашық әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп қайтты.
None
None

Сергей Харламов ұзындыққа секіру бойынша күміс медаль иегері атанды, бұл ретте ол 4 метр 65 сантиметрге секіріп, өзінің өткен жылғы жеке рекордын 11 сантиметрге асырды. 100 метрге жүгіруде Сергей төртінші орынға ие болды.

«Хорватиядағы ашық әлем чемпионаты Паралимпиадалық халықаралық комитеттің қамқорлығымен өтті. Бұл чемпионат лицензиялық болды. 25 елден келген мүгедек спортшылар Лондонда өтетін Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензиялық нормативтерді орындау үшін күресті», - деді журналистерге СҚО-ның мүгедектер спорты жөніндегі аға жаттықтырушы  Вячеслав Латышев.

Хорватиядағы чемпионатта Қазақстан намысын үш спортшы қорғады, оның екеуі - солтүстікқазақстандықтар. Сергей Харламовтан басқа Сергей Усольцев марапатқа ие болды. Ол мүгедектердің спорттық арбаларындағы жарыста «қола» медальді жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар