15:13, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2013-2015 жылдары жаңғыртылады
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2013-2015 жылдары жаңғыртылады. Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумы барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

Белгілі болғанындай, аталған жаңғырту жұмыстарына 6 млрд. теңге қажет.
Оның сөзіне қарағанда, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын жүзеге асыру өз кезегінде мұнайды өңдеудің көлемі мен тереңдігін арттыруға, оның ішінде ашық түсті мұнай өнімдері өндірісін жоғарылатуға, сондай-ақ бензин мен дизель отыны сапасының артуына мүмкіндік бермек.