20:28, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстанның НАТО-дағы миссиясының жетекшісі Альянстың бас хатшысымен кездесті
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Брюссельде дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Төтенше және Өкілетті елші, Қазақстанның НАТО-дағы миссиясының жетекшісі Константин Жигаловтың Альянс штаб-пәтерінің бас хатшы Яап де Хооп Схеффермен кездесуінде, ол ҚР мен НАТО арасындағы қарым-қатынастың дамуына жоғары баға берді.

Соңғы жылдары көп жоспарлы ынтымақтастықты дамытуда алға қарай ілгерілеушіліктің айтарлықтай дамығандығы аталып өтті. Әріптестіктің дами түсуіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясаты негіз болып отырғанын атап көрсетті НАТО бас хатшысы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Я.де Х. Схеффер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Шығыс пен Батыс арасын ықпалдастырудың маңызды факторы болатындығына сенімі мол екендігін, сондай-ақ, Қазақстанның төрағалық жасауы кезінде ЕҚЫҰ мен НАТО арасындағы сындарлы ынтымақтастықты қалыптастыруға күш салу керектігін жеткізді.НАТО-ның бас хатшысы осы жылғы маусымның 24-25-терінде Астанадағы форумның табысты өтетініне сенімін және алдағы шаралар ауқымында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге үмітті екендігін жеткізді.