Қазақстанның Норвегиядағы елшісі қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Доцент.

1985 - 1989 жж. - ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, декан орынбасары.

1989 - 1992 жж. - Алматылық жоғарғы партиялық мектеп, кейін Алматы политология және басқару институты әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.

1992 -1993 жж. - ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы. 

1993 - 1996 жж. - ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды.1996 - 1998 жж. - Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі.

1998 - 1999 жж. - ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999 - 2002 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2002 - 2004 жж. - ҚР Сыртқы істер 1-вице-министрі.

2004 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы.

2008 ж. қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі.

2008 ж. тамызынан бастап - Қазақстанның Ирландия, Исландия республикалары мен Швеция Корольдігіндегі өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды. 

2014 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстанның Норвегиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар