Қазақстанның оқушылар құрамасы халықаралық Балқан олимпиадасынан олжалы оралды

АСТАНА.  Шілденің  2-сі. ҚазАқпарат  - Қазақстан   оқушыларының   құрама  командасы      маусымның   24-і мен  30-ы аралығында  Сараево қаласында (Босния-Герцеговина)     жасөспірімдер  арасында   өткен  халықаралық  Балқан  математикалық     олимпиадасында бес медаль   жеңіп алды, 
None
None

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат    Білім және ғылым министрлігінің  «Дарын»   республикалық   ғылыми-тәжірибелік орталығына сілтеме  жасап.

Атап айтқанда,  Павлодардағы №8 мектеп-лицейдің 9-шы сынып оқушысы Андрей Дробах   алтын  медальмен  марапатталды.  Ал  Астана мен  Алматы мектептерінің   9-шы сыныптық  үш оқушысы -  Рауан  Рахмет,    Темірлан  Мұсаев   және Медет Жанболатұлы - қанжығаларына  күміс медальдар байлады.   Талдықорғандық     жоғарғы сынып оқушысы  Уәлихан  Керімқұл   қола медальды  қанағат  тұтты.   Ал    талдықорғандық 9-шы сынып оқушысы Қуаныш  Шәріповтың білімі  құрмет грамотасымен  атап   өтілді.

Ұйымдастырушылардың   айтуынша,  мұндай   көрсеткіш    қазақстандық оқушылардың білім деңгейі жоғары екенін   көрсетеді.  Балқан   олимпиадасында  жеңіске жету  үшін    дарынды және  білімді  болу  керек.

Халықаралық  Балқан  математикалық  олимпиадасы -  Албания, Болгария, Грекия, Кипр, Румыния, Молдова, Түркия, Сербия және  Черногория, Македония  және  басқа да елдердің   командалары қатысатын  беделді    жарыстардың бірі.  Қазақстан бұл білім жарысына  осымен бесінші  жыл қатарынан  қатысып  келеді.

Соңғы жаңалықтар