14:50, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде өсім бар - Ә. Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзге елдерде өңдеуші өнеркәсіпте төмендеу орын алғанымен, Қазақстанда бұл салада біршама өсім байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Өңдеуші өнеркәсіпте біз 0,5 пайыз деңгейінде өсімді байқап отырмыз. Атап айтқанда, бұл жағдай сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отыр. Мысалы, өзге елдерде өңдеуші өнеркәсіп өте қиын жағдайға тап болуда. Ресейде бұл саладағы құлдырау 5 пайызды, ал Беларусьте 8 пайызды құрап отыр. Оңтүстік Корея, Норвегия, Бразилия, Финляндия секілді елдерде де өңдеуші өнеркәсіптің төмендеуін көріп отырмыз. Қазақстанда бірінші бес жылдықта басымдық берілген түлі-түсті металлургия, химия, құрылыс материалдары бағытындағы салалар оңтайлы рөл ойнауда», - деді министр.