Қазақстанның өнеркәсіп корпорациясы бас директорының орынбасарының қамалу мерзімі төрт айға дейін ұзартылды
Бұл туралы Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева хабарлады.
«Қазыбек би аудандық соты тергеудің Ә.Ақмолдаевтың қамалу мерзімін төрт айға, 2015 жылдың 20 ақпанына дейін ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды», - деді Ә.Жошева. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның өнеркәсіптік корпорациясы» ЖШС бас директорының орынбасары Ә.Ақмолдаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөліміндегі «б» тармақшасымен («Өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе ысырап ету») қылмыстық іс қозғалды. Ол Қарағанды қаласындағы «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркінің инфрақұрылымын салу кезінде аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты иемдену және ысырап етуде күдікті танылған. Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда Ә.Ақмолдаевты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолға алынған. Кейіннен Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық комиссиясы прокуратураның оған қатысты наразылығын қанағаттандырып, екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады. Сот прокуратураның айыпталушы азаматтың қылмыстық істің әділ тергелуіне кедергі жасап, тергеу органдарынан жасырына алады деген дәлелдерімен келісті. «Тергеу барысында Ә.Ақмолдаевтың отбасы Қазақстан Республикасының сыртында жүргені анықталды. Оның үш баласы мен зайыбы (АҚШ азаматшасы) АҚШ-та және екі баласы мен бұрынғы зайыбы - Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатыр», - деп атап өтілді апелляциялық алқаның қаулысында. Сот сондай-ақ Ақмолдаевтың Астанада іс жүзінде тұрмайтын мекенжайда тіркелгенін есепке алды. Содан кейін Ә.Ақмолдаевтың қамалу мерзімі 2015 жылдың 20 ақпанынан дейін ұзартылды.