Қазақстанның оңтүстігінде демалыс күндері +42 градус ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде демалыс күндері +42 градус ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

«Шілде айы жаздың ең ыстық айы екенін дәлелдегелі жатыр. Егер алдағы тәулікте республиканың басым облыстарында өткінші жауын жауады деп күтілсе, жексенбі және дүйсенбі күні мұндай ауа-райы тек батыста сақталады. Қазақстанның өзге аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Иран аудандарынан келетін ауа райы температураның көтерілуіне әкеледі. Күндіз сынап бағанасы плюс 28-36º болса, оңтүстікте 37-42ºС ыстық болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар