Қазақстанның оңтүстігінде шаң борап, қатты жел тұрады - ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мамырдың 26-сы күні Қазақстанның көп бөлігі атмосфералық жаппай ағынның әсерінде болады, соған байланысты өңірде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады, күн күркірейді. Антициклонның бір саласы Қазақстанның солтүстігіне, шығысы мен оңтүстік-батысына әсер етеді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күші 15-20 метр/секундқа жететін жел тұрады, күндіз оның екпіні 23-28 метр/секундқа жетеді деп күтілуде. Ақмола, Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарында 15-20 метр секунд жылдамдыққа жететін жел болады.
Қызылорда, Алматы облыстарының кей аудандарында шаңды боран болып, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.
Ақтқбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында 5-ші санаттағы өрт қаупі сақталуда.