Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазанда алматы уақыты бойынша 05 сағат 23 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала кіндігі Қазақстанның оңтүстігінде, Алматы қаласының оңтүстік батысынан 529 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 8,8. Магнитудасы 3,7 MPV. Тереңдігі 10 шақырым.