Қазақстанның оңтүстігіндегі траншеяларда жабайы аңдар қырылып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы ферма шаруашылықтарының аумағындағы траншеяларда жабайы аңдардың қырылып жатқаны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның биоалуандылықты сақтау (ҚБАСҚ) қауымдастығына сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылдың 20 мамырында «SOS Джейран» жобасы бойынша ҚБАСҚ экспедициясына қатысқан сарапшылар тобы мониторинг барысында Сарыағаш пен Шардара аудандарының аралығында жаңа траншеяларды байқаған. Траншеяның түбінде жүздеген бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер жатқан. Олардың арасында әсіресе ортаазиялық тасбақалар көп болатын. Тереңдігі екі метр болатын шұңқырлар жануарлардың қырылуына себеп болуы мүмкін.

Осы күні біз Түркістан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен хабарласып, ол 21 мамыр күні Сарыағаш аудандық әкімдігінің әкімшілігін оқиға орнына баруға ықпал етті»,-деп хабарлады ҚБАСҚ баспасөз қызметі.

Ұйымның мәліметінше, бұл мәселе 2019 жылы көтерілген болатын. Ол кезде Зукков қорының «Орталық Азия шөлдері бастамасы» жобасының гранты аясында ұйымдастырылған экспедиция барысында ғалымдар ферма шаруашылығының маңында жаңа қазылған шұңқырларды байқаған және оның түбінде 365 бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер болған. Олардың арасында табиғатта сирек кездесетін түрлері де бар.

Онда шұңқырдағы жануарлардың барлығы босатылған болатын. Алайда сол уақытта-ақ бауырымен жорғалаушылардың 16% ыстық пен судың жетіспеушілігінен өліп қалған. Қалған жануарлар да өлуге шақ қалған, әлсіз еді.

Ұзындығы 1 км болатын осыған ұқсас тағы бір траншеяда бауырымен жорғалаушының бірнеше түрі мен 2 қозы, 2 лақ болды. Олар да өздері шұңқырдан шыға алмай, өзгелердің көмегінсіз өліп қалар еді.

Фермелердің айтуынша, егіс алаңдарын ажырату тәжірибесі өңірде кеңінен қолданылады.

«Алайда бұл тәсіл көптеген бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің қырылуына ықпал етеді. Бұл әрине, заңсыз. Өйткені жануарлардың арасында ерекше қорғауға алынған немесе «Қызыл кітапқа» енгізілгендері де бар.

Сол себепті бұл мәселе шұғыл шаралар қабылдап, шешуді талап етеді.

2019-2020 жылдары ҚБАСҚ пен Білім және ғылым министрлігінің Зоология инсттуты облыстық және республикалық құзырлы органдарға ресми өтініш жасаған болатын»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар