Қазақстанның оңтүстік батысы мен шығысында 23 шілдеде аптап ыстық күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 шілдеде Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек оңтүстік пен оңтүстік батыста күн ашық.
None
None

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Алматы, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-22 м/с.-қа жетеді, Алматы облысында құмды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей аумақтарында тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қаззақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с. жылдамдықпен жел тұрады. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында, ал Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар