Қазақстанның оңтүстік шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, шаң борайды деп күтілуде - ТЖМ

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген облыстары жоғары қысым әсерінде болады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Республиканың оңтүстік шығыс аудандарында жауын-шашын, кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл мен жел күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кейбір аудандарында, Ақмола облысында түнде секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғып, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.

Маңғыстау облысының кейбір аудандарында шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында жауын-шашын болып, жел секундына 18-23 метр жылдамдыққа дейін күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кейбір аудандарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар