Қазақстанның оралмандар одағы Шымкентте «Бауырластар қамқорлығы» атты акция өткізді

ШЫМКЕНТ. Маусымның 2-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қазақстанның оралмандар одағы өздері құрған оралмандарға көмек көрсететін «Отан қамқорлығы» қоры мен балалар құқығын қорғау жөніндегі департаментпен бірлесе отырып, Шымкентте «Бауырластар қамқорлығы» атты акция өткізді.
None
None

Акция барысында тұрмысы төмен отбасынан шыққан оралман балалар спортқа қажетті заттар жиынтығын алды. Әр жиынтықта - спорт сөмкесі, шахмат, бадминтон, футбол және волейбол доптары, секіргіш заттары бар. «Бұлар асыраушысы жоқ немесе отбасылық табысы орташа деңгейден төмен отбасылардың 542 баласы. Және де спортқа қажетті заттар алу үшін жұмсалатын 5 000 теңгені әркімнің қалтасы көтере бермейді. Алда жазғы демалыстар келе жатыр, балалар демалыстарын спортпен шұғылданып өткізсін» , - деді оралмандар одағының төрағасы Артықбай Үкібаев.

Ол сондай-ақ «Отан қамқорлығы» қорының 2008 жылдан бастап жұмыс істейтіндігін айтты. Былтырғы жылы бұл қор Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбаркөл ауылында тұратын тұрмысы төмен 136 отбасыға көмек көрсеткен. Бұл ауылға көп жылдардан бері кедей оралмандар көшіп келе бастаған, көбісі Өзбекстаннан келген отбасылар. Бүгінгі таңда ауылда жүздеген отбасы тұрады, алайда олардың жартысы ғана тарихи отанына квота арқылы көшіп келген. «Мемлекет көмектесіп жатыр, алайда қоғам да атсалысуы керек. Жүректері кең меценат, кәсіпкерлердің арқасында көп мәселені шешудің жолы табылды», - дейді А.Үкібаев. Ол Шымкентте басталған акция елдің басқа да облыстарда жалғасын табады деп үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар