Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі ардагерлерді құттықтады

ТАШКЕНТ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде өзбек еліндегі қазақ диаспорасы ішіндегі Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлер тобын құттықтау рәсімі өтті.
None
None

Шараға Республикалық қазақ мәдени орталығының, Өзбекстанның ғылыми және бизнес орталарының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық Ұлттық компаниялардың ӨР-дағы өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин өзінің құттықтау сөзінде бұрынғы КСРО елдері үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні ең басты елеулі күндердің бірі болып табылатынын атап өтті. «Бұл соғыс  әрбір отбасыға қайғы әкелген. Майданға кеткен 1,5 миллион қазақстандықтардың жартысы қаза тапты. Сіздердің ерліктеріңіз бен баға жетпес қаһармандықтарыңыздың арқасында қазіргі ұрпақ бейбіт өмір сүруде. Ұлы мерекенің қарсаңында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан бәріңізді құттықтағым келеді», - деп атап өтті қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы.

Б.Жексембин салтанатты жағдайда ардагерлерге естелік сыйлықтары мен Қазақстан туралы кітаптарды табыс етті.

Өзбекстанда соғысқа қатысқан 100-ден астам қазақ бар еді. Алайда бүгінде олардың 57-сі ғана қалды және 14-і бүгінгі салтанатты шараға қатысты.

Соңғы жаңалықтар