Қазақстанның Премьер-Министрі мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің төрағасы кездесті

ШЫҢЖАҢ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сәрсенбі, қыркүйектің 15-і күні Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шекаралас аумағында Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Халық үкіметінің төрағасы Нұр Бекри кездесу өткізді.
None
None

«Бұл жолы сіз Шыңжаң жерінде тұрсыз. Бұл, Қазақстан Үкіметі мен оның Премьер-Министрінің Қытай мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығын дамытуға зор маңыз беретінін көрсетеді», - деді Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Халық үкіметінің төрағасы Нұр Бекри мырза.

Оның айтуынша, Қытай Үкіметі Қазақстан премьерінің бұл сапарына үлкен мән беріп отыр.

«Сіздің сарапыңыздың шекара сауда-саттығы саласындағы, өту бекеттері мен тасымалдау саласындағы ынтымақтастығымызды әрі қарай нығайтуға жаңа серпін беретіндігіне сенімдімін»,- деді Н.Бекри өз сөзінде.

«Қытай мен Қазақстан тек тату көрші ғана емес, сонымен бірге стратегиялық серіктес болып табылады, қытай-қазақстан қарым-қатынасы саяси өзара сенім пен тәжірибелік ынтымақтастықтың жоғары деңгейімен мазмұндалады», деп түйіндеді Шыңжаң өлкесі Халық үкіметінің төрағасы өз сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, қыркүйектің 1 5-інде Кәрім Мәсімов «Қорғас» Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының Қазақстан мен Қытай аумағындағы құрылыстарының барысымен танысуда.

Соңғы жаңалықтар