Қазақстанның Ресейдегі Елшісі РФ-ның «Ашық үкімет» мәселелері бойынша министрімен кездесті

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ғалым Оразбақовтың РФ-ның «Ашық үкімет» мәселелері бойынша министрі Михаил Абызовпен кездесті
None
None

Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында министр Елшіні «Ашық Үкімет» жобасының негізгі қағидаттары жөнінде хабардар етті. Жобаның мақсаты қарама-қайшы көзқарастағы, қызығушылықтары әртүрлі адамдар тобын заманауи технологиялар арқылы ортақ мәселені талқылауға тарту болып табылады.

Тараптар аталмыш салада өзара қарым-қатынасты дамытудың перспективасы жөнінде пікір алмасты.

Ғ. Оразбақов Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өкілдері қолданатын жүйенің бар екенін айтты. Ол сондай-ақ «Ашық үкімет» саласында ресейліктердің тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында ағымдағы жылдың бірінші жартысында РФ Министрі Михаил Абызовтың Қазақстан Республикасына сапары жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар