Қазақстанның Ресейдегі елшісі Татарстанның Президентімен кездесті

None
None
МӘСКЕУ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Ресейдегі Қазақстанның Өкілетті және Төтенше елшісі Ғалым Оразбақов жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды.

Қазанда қазақстандық делегация республиканың, бизнес-корпорациялардың және өнеркәсіптердің басшылығымен кездесті, инновациялық жобаларды дамыту бойынша нысандарды аралап, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту тәжірибесімен танысты.

Кездесу соңында елші Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен жүздесті.

Р.Минниханов атап өткендей, Кеден Одағының жұмыс істеп, Бірыңғай экономикалық кеңістікті іске қосқаннан бері Қазақстан мен Татарстанның өзара тиімді іс-әрекеттері үшін сапалы жаңа мүмкіндіктер құрылды. Айта кетейік, 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстанның арасында тауар айналымы шамамен 900 млн. АҚШ долларын құрады.

Р.Минниханов мәдениет пен туған тілді сақтау аясында татар диаспорасы үшін жасалынып жатқан жағдай бойынша Қазақстан басшылығының бастамасына жоғары баға берді. 2013 жылы Қазақстада өздерінің ұлттық мерекесі - Сабантойды өткізуді жоспарлап отырғандығын атап өтті. Ол бұл шараны өткізу үшін еліміздің қолдауын өтінді.

Ғ. Оразбақов өз кезегінде қазақстандық делегацияны жылы қарсы алып, қонақжайлық көрсеткеніне алғасын білдірді.

Аталып өткендей, соңғы жылдары екі елдің бір-біріне деген қызығушылығы айтарлықтай артты.

Кездесу барысында Ғ. Оразбақов іскерлік ахуалды жақсарту мен инвестициялық мүддені арттыру аясында Қазақстанда іске асырылып жатқан негізгі шаралар жайлы айтып берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламаның іске асып жатқаны, бұл тұрғыда Татарстанның тәжірибесі оң септігін тигізгендігін атап өтті.

Елші орта және шағын бизнес үшін инфрақұрылымды, инновациялық жобаларды дамыту және құру бойынша тәжірибе алмасуда қазақстандық кәсіпкерлердің Татарстанға сапар жасаудың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ Қазақстанда Татарстан Республикасының Мәдениет күнін өткізіп, ұйымдастыру ұсынылды.

Г. Оразбақов мәлім еткендей, қыркүейк айында Павлодарда халықаралық инновация көрмесі өтеді, осы орайда ол Татарстанның өнеркәсіптерін бұл шараға қатысуға шақырды.

Жалпы алғанда кездесу барысында тараптар бірлескен қызметтің бірқатар бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады. Тараптар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің жобасын дамыту мәселелерін ортаға салды. Екі ел арасында  бизнес-байланыстарды кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram