Қазақстанның республикалық бюджетінде шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көзделетін болады

Аталған құжат бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу сапасын арттыруды қарастырады. Сондай-ақ, заң жобасы бюджеттің дағдарыстық құбылыстардың және сыртқы теріс факторлардың ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз ету, әлемдік аренада Қазақстанның беделін арттыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасында шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көзделіп отыр. Бұлар бөлінетін бюджеттік бағдарламада көрініс тауып, ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері жақсарған кезде іске асырылады. Бұдан бөлек, құжатта Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға өтеусіз негізде республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін донорлық жарна бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама енгізіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және Мәслихат аппараттарының бюджеттік бағдарламаларын пысықтау мен бекіту мерзімдері құжатта айқындалады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.