Қазақстанның сақтандыру нарығы 8 айда 27,4 пайызға ұлғайды

Оны «Еуразия» сақтандыру компаниясы бүгін Алматыда Қазақстан сақтандыру нарығының ғарыштық төлемдер бойынша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында жариялады.
Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 435 млрд. теңгеге жетті. Ал отандық сақтандыру компанияларының өзіндік жеке капиталы 242,2 млрд. теңгені құрады. Евразия» СК» АҚ-ы сегіз айдың қорытындысы бойынша нарықтың 14,3 пайыз үлесімен 22,1 млрд. теңге соманың сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларын жинақтап, алдыңғы орынды сақтап қалды. Компанияның активтері былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,4%-ға өсіп, 75,6 млрд. теңгені құрады. Жеке капиталы 49,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың салыстырмалы мерзіміне шаққанда 9,2%-ға ұлғайды. Төленген жарғылық капиталы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 46,1 млрд. теңгені немесе Қазақстанның барлық сақтандыру компанияларының жиынтық жарғылық капиталының 44,8 пайызын құрады.