Қазақстанның сандық технологиялар нарығы 2012 жылы 1,5 млрд. долларды құрады

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстаның сандық технологиялар нарығында мобильді телефонды қоспағанда 15 пайыздық өсім болжанып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Алсер» сандық технологиялар желісінің атқарушы директоры Григорий Тәжімұратов айтты.

«2012 жылы сандық технологиялар нарығы елімізде шамамен 630 млн. долларды құрады. Ал теледидар мен мобильді телефонды қосқанда ол 1,5 млрд. доллар болады», - дейді Г.Тәжімұратов.

Қазақстанның компьютерлік нарығының көшбасшысы болып табылатын бұл дүкендер желісі өз қызметін 1995 жылы бастаған болатын. Қазіргі таңда оның 21 қалада 45 дүкені бар. Компанияның нарықтағы үлесі GFK агенттігінің мәліметіне қарағанда 20 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар