Қазақстанның «Сарыарқа» кораблі «Каспий кубогі-2015» байқауында күрделі тапсырманы бірінші болып орындайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Ресей және Әзербайжан әскери теңіз күштері арасында жеребе өткізілгеннен кейін «Каспий кубогі-2015» байқауында корабльдердің тапсырма орындауының кезегі анықталды.
None
None

Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери теңіз флоты бойынша баспасөз қызметі және ақпарат басқармасының өкілі 1 рангтегі капитан Игорь Дыгало хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Осылайша, тапсырманы бірінші болып Қазақстан ӘТК "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемесі, екінші - Ресей ӘТФ Каспий флотилиясының "Углич" шағын зымыран кемесі, үшінші болып - Әзербайжан ӘТК "G-124" патрульды-күзет кемесі орындайды. Әскери халықаралық ойындар аясында 3 және 11 тамыз аралығында Каспий теңізінде алғаш рет "Каспий кубогі-2015" және "Каспий сайысы-2015" байқаулары өткізіліп отыр. Дыгало айтқандай, жеребе нәтижесі бойынша "Теңіздегі кәсіби дағды" кезеңінде кемелердің мүмкіндіктерін көрсету реті анықталды. Мұнда да бірінші болып талаптарды Қазақстан ӘТК "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемесі, екінші Әзербайжан ӘТК "G-124" патрульды-күзет кемесі, үшінші болып Ресей ӘТФ Каспий флотилиясының "Углич" шағын зымыран кемесі орындайды.

Соңғы жаңалықтар