Қазақстанның сауда орындарындағы зергерлік бұйымдардың басым бөлігі жасанды болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сауда нүктелері мен базарларында сатылатын зергерлік алтын бұйымдардың басым бөлігі жасанды болуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ бағалы металлдармен жұмысты үлестіру бөлімінің бастығы Ербол Сейсенбаев айтты.
None
None

«Біз өкілетті ұйым саналамыз және көрсететін қызмет спекторымыз өте кең. Кезінде жекешелендірілгендіктен жеке компания саналамыз. Нарықта басымдыққа иеміз. Яғни нарықтағы жүйе құраушы компания саналамыз әрі Қазақстандағы метрология саласындағы сараптамалар, сертификаттау бойынша қызметтердің шамамен 70 пайызын көрсетеміз», - деді ол.

Ербол Сейсенбаевтың атап өтуінше, өткен жылдың 14 қаңтарынан қолданысқа енген «Бағалы металлдар және бағалы тастар туралы» заңға сәйкес елімізде сатылатын зергерлік бұйымдардың барлығы да міндетті түрде тексеруден өтуі тиіс.

«Қазіргі уақытта сарапта қызметін екі ұйым, атап айтқанда, біз және «Қазақювелир» АҚ-ы көрсетеді. Алтын мен күміс зергерлік бұйымдардың, сонымен қатар бағалы тастардың сапасын тексеріп, сынамасының сәйкестігін анықтаймыз. Зергерлік бұйымдарды бақылау олар нарыққа түскенге дейін үш жерде, нақты айтқанда елге кіргізілгенде және шығарылғанда, сонымен қатар өндірілгеннен кейін жүргізіледі. Жаңа заңнамаға сәйкес сараптама сатылым барысында да жүргізілуі мүмкін. Әзірше, бідің жұмысымыздың ауқымы үлкен емес. Өйткені, әлі күнге дейін азаматтарымыз тексеруге жүгінуге дағдыланған жоқ. Дүкендер де заңнаманың күшіне енгенін біле тұра бізге келіп тексеру жүргізуге асығар емес. Нарық ендігі уақытта тексерілетін болады. Бұған дейін толық еркіндік болған еді. Таяуда ғана жиын өтіп, онда Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері таяу аралықта тексерудің басталатындығын айтқан болатын. Дегенмен, ол жоспарлы сипатта емес. Яғни, шағым болған кезде ғана жүргізіледі. Жаңа заңда үлкен көлемде айыппұл көзделген», - деді Сейсенбаев.

Соңғы жаңалықтар