Қазақстанның саяси партиялары сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

Айта кетерлігі, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны брінші кезеңінің қорытындысын шығарған болатын. Комиссия 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді.
«Олардың ішінде 187 немесе 79,9 пайызы ер адам және 47 немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі - инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) - V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы - 52 жас, ал олардың ең жасы - 26 жаста», - деген еді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Айта кетерлігі, саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 18 наурыз күні түнгі 00:00-де аяқталады.