Қазақстанның сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы нормаларын АҚШ пен Жапонияның құрылыс нормаларымен салыстыруға болады - С. Нокин

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы нормаларын АҚШ пен Жапонияның құрылыс нормаларымен салыстыруға болады. Бүгін бұл туралы Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте Құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
None
None

Сөз арасында Агенттік төрағасы еліміздегі ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық жағдайын күшейту туралы ұсыныстар әзірленіп жатқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, 2005 жылдан бері қарай Алматы қаласы мен облысы бойынша 200 білім нысаны, 170 денсаулық мекемелері, 25 мектепке дейінгі білім нысандары, 120 әлеуметтік мәдени-тұрмыс нысандары, сондай-ақ 300-ден астам ғимараттар мен құрылыстар тексеруден өткен. Бұдан бөлек, 2007 жылы Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесе отырып, паспорттауды жүргізу кезінде есепке алу үшін 320 көпқабатты және 41 жеке тұрғын үй нысандары зерттелген.

«Жалпы, алғанда сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық базаға келетін болсақ, бұл 20 құжатпен регламенттеледі. Бұл ретте сейсмикалық қауіпті аймақтары бар басқа мемлекеттердің ұқсас нормаларымен салыстырғанда Қазақстанның қолданыстағы нормалары ең қатаң болып табылады. Бұл нормаларды АҚШ пен Жапонияның құрылыс нормаларымен салыстыруға болады» деді ол.

Соңғы жаңалықтар