Қазақстанның шығысында болған қатты дауыл тұрғындарды жарықсыз қалдырды

АСТАНА.  Шілденің 15-і. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстанда жайсыз ауа райының салдарынан  бірқатар  ауылдың  тұрғындары жарықсыз қалды, 
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Үржар,  Үлкен  Нарым,  Ұлан,   Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое аудандарында,  сондай-ақ    Өскемен және  Семей қалаларында  бүгін,  шілденің 15-і күні  таңғы сағат 7-лерде     қатты желдің салдарынан    электр  сымдары үзілді.

Атап айтқанда,  Үржар  ауданында - 25 тұтынушы, Үлкен  Нарымда - 20, Ұлан  ауданында -200,    Жармада -  6 780,  Бородулиха ауданында - 240,  Глубокоеда - 792,  Бесқарағайда - 150, Семейде -99,  Өскеменде -5 тұтынушы жарықсыз    қалды.

Төтенше оқиғаның салдарын  жоюға    «Шығыс Қазақстан энергетикалық компаниясы»    акционерлік қоғамы аудандық электр желілерінің     жөндеу   бригадалары:   45 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар