Қазақстанның солтүстігінде 30 градусқа дейін аяз күтілуде
Атап айтқанда, республикада алдағы тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 3...8°С-қа жоғары болады.
«Шығыс Қазақстан облысында 28 ақпанда күндіз ауа температурасы уақытша +5 градусқа көтеріліп, қар мен жаңбыр жауады. Соның салдарынан қар мен мұз еріп, мұз-сең кептелісі пайда болады және өзен суы көтеріледі.
Кейін, 1-2 наурызда облыста ауа температурасы -20-25 градус, күндіз -15-20 градусқа дейін төмендейді және қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 28 ақпаннан 1 наурызға дейін оның екпіні 23-28 м/с болады», - делінген хабарламада.
28 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы +3 градусқа уақытша көтеріліп, қар мен жаңбыр жауады. Соның салдарынан қар еріп, мұз жамылғысы жұмсарады, жазық аумақта еріген су жиналады. 1-2 наурызда ауа температурасы түнде -17-25 градусқа дейін, күндіз -13-28 градус төмендейді және қар жауады.
1 наурыздан бастап солтүстік облыстарға арктикалық ауа ағыны таралса, 2 наурыздан бастап Қазақстанның басқа аумағын қамтитын болады. Түнде температура -20-30°С-қа қайта түсіп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 10-20°С-қа дейін, оңтүстіктің шеткі аумағында -3-10°С-қа төмендейді.
Сонымен қатар, республиканың басым бөлігінде қар, бұрқасын күтілуде, жылдамдығы 15-25 м/с жел тұрады, оңтүстік бөлікте тұман түсіп, көктайғақ болады. Күн уақытша суытады, 3 наурызда солтүстік ағындар батысқа ауысып, соның ықпалымен ауа температурасы жоғарылайды.