Қазақстанның солтүстігінде ірі көлемдегі героин әкеле жатқан есірткі дилері ұсталды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері ҚР ІІМ қылмыстық полиция комитетімен бірлесіп өткізген жедел-іздеу шараларының барысында Петропавл-Астана тас жолында Қарағандының 50 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Киа-Карнивал көлігі тоқтатылды.

Қазақстанның солтүстігінде ірі көлемдегі героин әкеле жатқан есірткі дилері ұсталды

Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 4 келі 840 грам героин салынған 5 пакет табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.