Қазақстанның спорттағы жетістіктері енді Сочи Олимпидасында да жоғары нәтижелерді көрсетуге міндеттейді - Талғат Ермегияев

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевтің төрағалығымен 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойыдарына дайындық бойынша жедел штабтың отырысы өтті.
None
None

Аталған агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, штаб жиынына Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Темірхан Досмұхамбетов, сондай-ақ өңірлік туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, қысқы спорт түрлерінен федерациялардың жетекшілері, мемлекеттік және бас бапкерлер қатысты.

Агенттік төрағасы Талғат Ермегияев өз сөзінде 2011 жылдағы VII қысқы Азия ойындарында, сондай-ақ Лондондағы биылғы жазғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың жоғары жетістіктері енді алдағы Сочи додасында да жоғары спорттық нәтижелерді көрсетуге міндеттейтінін тілге тиек етті.

«Жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізу - бұл елдің  мәртебесінің мәселесі. Спорттық жетістіктер әрқашан да мемлекеттің даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болатын. Сондықтан да Тәуелсіздік жылдарында Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның жетістіктері осыған дәлел»,-деп түйді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар