Қазақстанның су көлігі саласындағы жобалар нәтижесі қандай

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің су көлігі саласы өзгеріске ұшырағаны белгілі. Осы орайда аталған саладағы жетістерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Ақтау теңіз порты қазіргі уақытта Каспий теңізінің жүк ағындарын қалыптастыруда және ауыстырып тиеуде жетекші позициялардың бірін алады. 2003-2005 жылдары порт айлақтарын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 13 мың тонна дедвейт танкерін қабылдауға мүмкіндік берді. 2015 жылы «Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасы аясында 3 құрғақ жүк терминалының құрылысы аяқталды, нәтижесінде порттың өткізу қабілеті шамамен 21 млн тоннаны құрады.
Баутино порты Түпқараған шығанағында орналасқан және Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру аясында теңіз операцияларын жүргізу базасы ретінде қызмет етеді. Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы кемелер қозғалысын басқару жүйесі пайдалануға енгізілді. Бұл 20 миль радиуста кемелердің қозғалысын бақылауға және жылына 5000 кемеге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ауқымында Құрық портында 2015-2018 жылдары қуаты жылына 6 млн тонна паром кешенін салу жобасы іске асырылды.
2016 жылы Құрық портында қуаты 4 млн тонна теміржол паромдық терминалы іске қосылды, оның операциялық қызметі 2017 жылы басталды. Жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар, жабдықтар мен металл өнімдері құрайды. Сонымен қатар, 2018 жылы Құрық порты құрылысының екінші кезеңі аяқталды - доңғалақты техниканы өңдеуді қамтамасыз ететін қуаты жылына 2 млн автомобиль паромдық терминалы.
Нәтижесінде, Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн тоннаға жетті.
Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік теңіз кеме тізіліміндерінде шамамен 300 кеме тіркелген, оның ішінде 10 – сауда кемесі, ал 10 жыл бұрын барлығы 80 кеме болған. Бұл ретте отандық сауда флотын дамыту «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысын 1998 жылы құруымен байланысты. 2005 жылдан бастап 12 мың тонна дедвейтті меншікті мұнай құю танкерлерімен операция басталды.
2013 жылы қазақстандық флот әрқайсысының жүк көтергіштігі 5 мың тонна болатын екі құрғақ жүк кемелерімен толықты. 2017 жылы жүк көтергіштігі 7 мың тонна болатын тағы 2 құрғақ жүк таситын кеме салынды.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған кемелер Каспийде құрғақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ақтау және Баку порттары арасындағы контейнерлерді тасымалдау бойынша фидерлік желіге тартылған. Сондай-ақ, ашық теңіздерде 115 мың тонна Aframax типті 2 танкер жұмыс істейді.
«Кемелер экипаждары құрамындағы Қазақстан азаматтарының үлесі соңғы 10 жылда 3 есеге өсті және жалпы саны шамамен 1500 адам құрамында 73%, ал командалық құрам деңгейінде 42 % құрайды. 2012 жылы Қазақстан-Британ техникалық университеті жанынан Халықаралық санаттағы теңізшілерді даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Теңіз академиясы ашылды. Құрылған сәттен бастап аталған мекемеде кеменің командалық құрамының 111 маманы даярланды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.
Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру басталды. Теңізшілерді арнайы қысқа курстар бойынша даярлауды (теңізде аман қалу, кемедегі өртпен күрес, алғашқы медициналық көмек көрсету, кемедегі медициналық күтім және т.б.) жүзеге асыратын «YKK» теңіз оқу-жаттығу орталығы құрылды.
2020 жылдан бастап ұлттық кәсіби дипломдарды беру жүйесі енгізілді. 2021 жылы қазан айында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) «Ақ тізіміне» енгізілді, соның нәтижесінде аталған дипломдар халықаралық деңгейде танылды. Қазақстан ИМО мүшесі болып саналады және ол қабылданған 16 негізгі конвенцияға қосылды. 2017 жылы Қазақстан ИМО аудитінен сәтті өтіп, барлық халықаралық талаптарға сәйкес екенін растады.
Атап айтқанда, ішкі су жолдарында кеме қатынасы Ертіс, Жайық-Каспий және Іле-Балқаш су бассейндерінде жүзеге асырылады, жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан артық құрайды.
Ертіс өзенінің қазақстандық бөлігі бойында тоқтаусыз кеме қатынасын қамтамасыз ету мақсатында 1978 жылы құрылысы басталған Шүлбі кеме қатынасы шлюзі 2004 жылы пайдалануға енгізілді.
Еске салсақ, 2009-2010 жылдары өзен порттарын қайта жасау олардың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді: Атырау –1 млн тоннаға, Павлодар – 3 млн тоннаға дейін.
Нәтижесінде, өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі 132 мың тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін өсті.
Болашақта, 2019 жылғы ақпанда ЕЭО мемлекет-мүшелері арасында қол қойылған Кеме қатынасы туралы келесімді ескере отырып, ішкі су жолдары бойынша Ресеймен екіжақты тасымалды ұлғайту, сондай-ақ Қытаймен Ертіс өзені бойынша су-көліктік қатынасын ұйымдастыру жоспарланған. 2025 жылға қарай болжанатын тасымал көлемі 3,8 млн тоннаны құрайтын болады.