Қазақстанның табысты дамуы сауатты басқарушылардың қажырлы еңбегімен байланысты - Елбасы

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның табысты дамуы сауатты басқарушылардың қажырлы еңбегімен байланысты. Бұл туралы бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Біздің кездесуімізді тарихи деп те айтуға болады. Өйткені «А» корпусын құру аяқталып, біздің еліміздің кәсіби мемлекеттік аппараты дамуының келесі кезеңі ашылады. Мен әркезде де Қазақстанның табысты дамуын сауатты басқарушылардың қажырлы еңбегімен, әділ, ұстанымды халық қызметшілерімен байланыстырып келемін», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «А» басқарушы корпусына өткен мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына зор сенім артатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар