Қазақстанның тағы бір боксшысы Әлем чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Германияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында өзінің екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өзбек спортшысы Муроджон Ахмадалиевпен кездескен Қайрат Ералиев өзінің шеберлігін көрсете алды. Есеп қазақстандықтың пайдасында - 4:1.

29 тамыз күні өтетін ширек финалда Ералиев алаң иесі Омар Эль-Хагпен кездесетін  болады.

Еске салайық, бұған дейін 49 келі салмақ дәрежесіндегі Жомарт Ержан филиппиндік Роген Ладонды жеңіп (4:1), ширек финалға жолдама алған еді. Ол 29 тамызда ресейлік Василий Егоровпен айқасады. 

Кеше Қазақстанның екі боксшысы - Азамат Исақұлов (52 келі) пен Әділет Құрметов (60 келі) Әлем чемпионатындағы жарыстарын аяқтады.

25 тамыз күні басталған Бокстан әлем чемпионаты тоғыз күнге жалғасып, 2 қыркүйек күні мәреге жетеді. Қазақстан құрамасы барлық 10 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады. Олар  - 49 келі салмақта Ержан Жомарт, 52 келі салмақта Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев.

Байрақты додада әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынауда.

Видео: SPORT HABARLARI


Соңғы жаңалықтар