Қазақстанның танымал әртістері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сүйікті әндерін орындады

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне «Елім менің - Қазақстан» атты патриоттық әндер концерті өтті.
None
None

Концерттік бағдарламада Марат Омаров, Евгений Шахрай, «Бәйтерек» тобы, Маржан Арапбаева, Еркебұлан Ағымбаев сынды Қазақстанның белгілі әншілері соғыс жылдарындағы ең таңдаулы әндерді орындады. Осылайша олар соғыс отын кешкен қарияларға үлкен мереке жасады.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы жасап отырған шара барысында ҰОС ардагерлеріне партиялық билеттерді тапсыру рәсімі өткізілді.

«Біз - партиялықтар еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған мерейлі шақта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің құрметіне дәл осындай патриоттық әндер концертін ұйымдастыруды жөн көрдік. Қарттар солардың жастық шақтарында Отан, туған жер, патриотизм туралы айтылған әндерді қатты сағынады. Сондықтан біз елордамыздың және еліміздің әйгілі әртістерін шақырып, сол бір жылдарда айтылған таңдаулы әндерді біздің қарияларымызға арнап шырқап берсе екен дедік», - дейді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжанов.

Оның айтуынша, қарттар партия үшін үлкен қазына және олардың жастар тәрбиесі саласындағы орны бөлек. «Қазіргі уақытта партия ардагерлері жас ұрпақпен түрлі кездесулерге қатысып, оларға өздерінің тәлім-тәрбиелерін және өмірлік мол тәжірибелерін беріп келеді. Жасы егде тартса да, олардың белсенділігі тіпті кейбір жастарымызға да үлгі бола алады», - деп атап өтті Ә. Рақымжанов.

Соңғы жаңалықтар