Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда, халықтың игілігіне қол жеткізуде партиялардың барлығы бірлікте болуы тиіс - Н. Назарбаев

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда, халықтың игілігіне қол жеткізуде партиялардың барлығы бірлікте болуы тиіс.
None
None

Бүгін елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Біз жоспарлы түрде саяси жүйені жаңғыртуды жүзеге асыратын боламыз. Бұл - Парламенттің, оған есеп беретін Үкіметтің өкілеттігін одан әрі кеңейту, саяси партиялардың, жергілікті биліктің, сот жүйесінің рөлін арттыру. Қарапайым жұрттың алдында бәлсінушілік, ақсаусақтықмен тәкәппарлық көрсету - біздің жекелеген шенеуніктердің жып-жылмағай үлгісі болып алды. Мен бұны тіке айтамын. Ең бастысы - партия осы келеңсіздікпен күресуі тиіс, оның ішінде өз қатарларында да. Мемлекеттік қызметкер қарапайым жұртшылыққа өзінің бастық екенін көрсетпей, керісінше жете қызмет етуі тиіс. Сондықтан да, біз партияның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлін арттыратын боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда, халықтық игілікке қол жеткізуде елдегі партиялардың барлығы бірлікте болуы тиістігін айтты. «Бұл - жалпы әлемдік үдеріс. Осындай бәсекелестікке үйренуіміз керек. Сонда ғана демократиялық үдеріс қалыпты дами алады», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар