21:31, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстанның терроризмге қарсы күрес орталығы ЭКСПО-2017 көрмесін қорытындылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Астанада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы күрес орталығының кезекті мәжілісін өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілетем жасап.
Мәжіліс барысында Универсиада мен ЭКСПО-2017 көрмесінің қорытындысы сөз болды және мемлекеттік органдардың елдегі ірі көлемдегі іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ онда террористік акт қаупі төнген жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарының тиімділігі туралы айтылды.
Терроризмге қарсы күрес орталығы мәжілісінің қорытындысы бойынша, тиісті хаттамалық шешімдар қабылданды.