Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінде Израильдің Ұлттық инфрақұрылымдар министрімен кездесу болды

деп хабарлады ҚазАқпаратқа төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен бағыт-бағдарларын, жаңа технологиялар енгізу, ақпараттық-аналитикалық мониторинг жүргізу, ортақ диспетчерлік қызмет құру және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Министр В. Божко израильдік делегация мүшелерін министрліктің құрылымымен және оның алдында тұрған міндеттермен таныстырды.
Израиль министрі төтенше жағдайлардан мемлекет пен қоғамды қорғау мәселесіне қатысты өз ой-пікірлерінбаян етті, израильдік құтқарушылармен тығыз ынтымақтасуды ұсынды. Кездесуге қауіпсіздік жүйелерін жасау және оларды енгізумен айналысатынизраильдік үлкен компаниялардың басшылары да қатысты.