Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының негізі минералды ресурстар - академик Серікбай Хамза

None
None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Соңғы 20 жыл ішінде геология саласындағы болжамдық қор қазіргі өндірістен қабылдап алған қордан 7-8 есе артық болып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада «Тәуелсіздікке 20 жыл: қазақстандық геологияның жетістіктері мен перспективалары» атты тақырыпта өтіп жатқан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Минералды ресурстар академиясының академигі, Халықаралық минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі Серікбай Хамза мәлім етті.

"Тәуелсіздіктің 20 жылдығында елімізде геологиялық карта, қазба байлықтарының картасы, жердің тереңдігі мен кен орындарының байланысын анықтайтын еңбектер пайда болды. Бұлардың барлығы біздің елде кен орындарын ашудың негізі, бағдарламасы. 20 жылда геология саласында болған кереметтер осылар. Содан болар өткен жылы осы еңбектердің авторлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанды. Бұл біздің елде геология саласына жақсы көңіл бөлініп отырғандығының көрінісі",-деді С.Хамза.

Оның айтуынша, Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының негізі минералды ресурста болады. л осы ресурстың қорын молайту, ресурстық базасын кеңейту геологтардың міндеті.

Соңғы жаңалықтар