«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» - 7 жыл

Оның сөзіне қарағанда, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының құрамындағы банк 2003 жылы 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Осы жылы банк қызметін пайдаланушылар саны небәрі 400 адам болған. Осы уақытта банк 21 мыңнан астам клиенттеріне тұрғын үй құрылыс займдарын беріп, олар қазір өздерінің міндеттемелерін өтеуде. «Біздің тұрғын үй құрылыс жүйемізге келген азаматтар өте пайдалы әрі ұтымды жүйені пайдаланып отыр. Себебі тұрғын үй нарығындағы бағалар төмендеп, ипотекалық несиенің үстеме бағасы керісінше артты. Осы уақытта біздің банкіміздің шарттары тұрғындар үшін өте тиімді болып тұр», деді филиал директоры.
Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Астана қалалық филиалының директоры Айжан Медуованың биылғы жылдың шілде айының 1-індегі мәліметтеріне сүйене отырып келтірген деректеріне қарағанда, банк 184 мың адаммен жасалған келісім негізінде 301,8 миллиард теңге қарыз берген. Сондай-ақ 21 мың 515 адамға 66 миллиард теңгенің тұрғын үй займдарын берген. Банктің депозиттік базасы шілденің
1-індегі мәліметтер бойынша 32 миллиард теңгені құраса, несие портфелі 54,6 миллиард теңгеге жеткен.
Банк бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының негізгі операторы болып табылады. Бұған қоса ол «Нұрлы көш» бағдарламасы мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры өткізіп жатқан тұрғын үйді жалға беру шараларына да атсалысуда.