Қазақстанның Ұлттық банкі "Құрмет" орденінің белгісі" ескерткіш шақасын шығарды

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Маусымның 28-інде Қазақстанның Ұлттық банкі айналымға номиналы 50 теңге "Құрмет" орденінің белгісі" шақасын шығарды, деп хабарланды Ұлттық банктің таратқан хабарламасында.
None
None

Онда атап өтілгендей, бұл шақа «Қазақстанның мемлекеттік наградалары" сериясының сегізіншісі.

Шақаның оң жағында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген және "50 теңге" деген жазу бар. Екінші бетінде "Құрмет" орденінің белгісі бейнеленген.

Масса ақ түсті мыстың, никельдің және мырыштың қорытпасынан әзірленген, салмағы 11,17 грамм және диаметрі 31 мм.

Шақаның таралымы - 50 мың дана.

Соңғы жаңалықтар