«Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік сәйкестілігі: қалыптасуы және дамуы» тақырыбында семинар-тренинг өтеді

Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр.
Семинар-тренингке облыстар, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының өкілдері, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ішкі саясат басқармаларының, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, конфессиялардың, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.
Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ұлттық-мемлекеттік сәйкестіліктің қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіру бойынша кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Аталмыш шараға Кенги Университеті Халықаралық зерттеу колледжінің кафедра меңгерушісі, халықаралық сарапшы - Ким Дэк Чжун (Оңтүстік Корея), ұлттық-мемлекеттік сәйкестілік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаясат, тіл саясаты саласындағы қазақстандық ғалым-сарапшылар дәрістер оқиды деп күтілуде.
Іс-шара аясында 2013 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясының» депутаттық тобымен кездесу, сонымен қатар, 22 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен ұлттық сәйкестілікті нығайту, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім бойынша сұрақтар талқыға түсетін «Ел бірлігі доктринасы: ұлттық-мемлекеттік азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша тыңдаушыларға Академияның сертификаттары беріледі.