17:00, 14 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер еліміздің Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
15-16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан облыстарының және 16 қаңтарда Алматы облысының таулы өзендерінде жауын-шашынның мол жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі ықтимал.
15 қаңтар күні күндіз Түркістан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын мол түсуі ықтимал. Тәулік ішінде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
15-16 қаңтар күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан қатты жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді, 15 қаңтар күні күндіз, 16 қаңтар түнінде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.