19:46, 06 Мамыр 2017 | GMT +5
Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
«7 мамыр күні нөсер жаңбыр жауады деп болжануына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Алматы және Жамбыл облыстарындағы өзендер тасуы мүмкін», - делінген хабарламада.