08:29, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақстанның үш облысында қарлы боран салдарынан автожолдар жабылды
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында қарлы боран салдарынан автокөлік жолдары жабылды,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше, 9 ақпан күні Ақмола облысына қарасты «Бурабай-Ақкөл» бағытындағы жолдың нашар көріну салдарынан автокөлік жолы жабылды.
Алматы облысында «Алматы-Бішкек», «Алматы-Астана», «Алматы-Өскемен» жолдары жүк көліктері мен жолаушылар тасымалы үшін жабық.
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» (703-526 шақырымында), «Қобда-Ойыл», «Ақтөбе-Атырау» (11-330 шақырымында), «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (0-401 шақырымында) бағытындағы жолдарда көліктің барлық түрлері үшін жол жүруге тыйым салынды.