07:44, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстанның үш облысында көктайғақ салдарынан жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның үш аймағында жолдардың жабылғаны жөнінде хабарлады.

Осылайша, Ақмола облысында бүгін, 25 қарашада, ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты «Көкшетау-Петропавл» (304-341 км), "Көкшетау-Рузаевка" (0-61 км), "Көкшетау-Омбы" (2-50 км), "Көкшетау-Щучинск" (247-293 км), "Көкшетау-Атбасар" (0-184км) жолдарындағы учаскелер көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Ақтөбе облысында көктайғақ салдарынан "Ақтөбе-Орск" (39-135 км) жолы көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты көліктердің барлық түрі үшін барлық бағыттар бойынша қозғалуына тыйым салынды.