Қазақстанның үш облысында қызыл су салдарынан көлік қозғалысы жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында қар суының жолдардан асып ағуы кесірінен көлік жолдарының учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Қазақстанның үш облысында қызыл су салдарынан көлік қозғалысы жабылды

Осылайша, Қарағанды облысында Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі («Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» көлік жолының 0-93 шақырымдары) жолында және Қарағанды қаласы-Қарқаралы күре жолы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында «Семей-Қайнар» тас жолының (140 шақырым), «Бородулиха-Жезкент» тас жолының (0-18 шақырымдар) учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Павлодар облысында Майқайың кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін («Ульяновкс-Керей-Үміткер» тас жолының 93-265 шақырымдары) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.