Қазақстанның үздік 48 ұстазының әрқайсысына 1,7 млн. теңгеден сыйақы тапсырылды

Атап айтқанда, Астанаға Қазақстанның әр облыстарынан 48 педагог келді. Олар өздерінің біліктілігімен байқаудың алғашқы кезеңіне қатысқан 5 мыңнан астам әріптестерінің алдына шығып, байқау нәтижесі бойынша «Үздік ұстаз» атағына ие болды. Олардың ішінде 32 оқытушы - мектепке дейінгі және орта білім жүйесінде, ал қалған 16-сы - техникалық, сондай-ақ кәсіби білім беру саласының ұстаздары.
Үздік мұғалімдерге ҚР Білім және ғылым министрлігі 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 млн. 731 мың теңге) сыйақы тапсырды. Осы салтанатты шара барысында ұстаздарды аталған ведомствоның басшысы Аслан Сәрінжіпов құттықтады.
Осы байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұл шара педагог мамандығының рөлі мен беделін арттыруға, мектепке жас мамандарды тартуға негізделген.