08:13, 25 Қазан 2022 | GMT +5
Қазақстанның үздік теннисшісі Швейцария турнирін сәтті бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцария турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ресейлік теннисші Аслан Карацевпен (әлемнің 60-ракеткасы) ойында екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.
Осы жеңісінен кейін А.Бублик швейцария турнирінің 1/8 финалына өтті.
Айта кетейік, Бублик қазіргі уақытта АТР (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) рейтингінде 38-інші орында тұр. Ал Карацев болса Ресейдің 4-ракеткасы және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері (миксте).
Фото: olympic.kz