Қазақстанның үздік жолсерігі Хайнань аралына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қарасты кәсіпорындар қызметкерлерінің арасында байқау өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

50 адам қатысқан байқау екі номинация бойынша өтті. Бұл ретте, олардың кәсіби біліктілігімен қатар, жолаушылармен жылы қарым-қатынас жасауы, оқыс жағдай кезінде сауатты әрекет ете алу машықтығы назарға алынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Алматы-Павлодар» пойызының жолсерігі Азамат Смағұлов үздік деп танылып, оған Хайнань аралына туристік жолдама табыс етілді.

Бұдан бөлек, үздік пойыз бригадасы («Солтүстік» аймақтық филиалы) анықталып, олар «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің Кубогына ие болды. Сондай-ақ, бригада мүшелерінің әрқайсысына бағалы сыйлықтар табыс етілді

null

Соңғы жаңалықтар